6–9 МАМЫР: ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР

Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтпек. Мерекелік бағдарлама 6–9 мамыр аралығында болады.

ІС-ШАРАЛАР КЕСТЕСІ:

6 мамыр | 12:00
Салтанатты іс-шара
Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған ресми шара
Өтетін орны: Қызғалдақ сарайы

7 мамыр | 10:00-ден бастап
Әскери шерудің тікелей көрсетілімі (Астана қаласынан)
Көрсетілім орындары:
– Астана алаңы
– Жастар ресурстық орталығының аумағы
– Қызғалдақ фонтаны маңы (Тәуке хан мен Момышұлы көшелерінің қиылысы)

7–9 мамыр | 20:00–23:00
Гала-концерттер
Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған кешкі мерекелік концерт
Өтетін орны: Астана алаңы

9 мамыр | 9:00
Мәңгілік алауға гүл шоғын қою және театрландырылған көріністер
– Даңқ мемориалына тағзым
– Фото көрмелер
– Музыкалық және театрландырылған қойылымдар
Өтетін орны: Абай саябағы, Даңқ мемориалы

Баршаңызды мерекелік шараларға белсене қатысуға шақырамыз!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ГРЕКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыста жеке қаржыға жаңа кәсіби футбол клубы құрылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында шіркейге қарсы 111 тоннадан астам биопрепарат қолданылмақ

berdaly_oraz