Шымкентте Отан қорғаушылар күніне арналған гала-концерт өтті

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Шымкентте өткен салтанатты гала-концертке қала тұрғындары мен қонақтар көптеп жиналды. Ерлік пен патриотизм рухына толы кеште көрермендер ерекше әсер алды.

Шара барысында жергілікті өнер ұжымдары мен әншілер патриоттық әндерді шырқап, сахна төрінде ел қорғандарының ерлігін дәріптеді. Көпшілік рухты көтерер әндерге қосыла ән айтып, ұлттық бірлік пен мерекелік көңіл күйді сезінді.

Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар мұнымен шектелмейді. 8–9 мамыр күндері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени және бұқаралық шаралар жалғасын таппақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: ағын суды тиімді пайдалану мәселесі талқыланды

ДРОН ҚҰЛАДЫ – ҚАУІПСІЗДІК ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

АЛМАТЫ: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo