Шымкентте №7 жаңа автобус маршруты іске қосылды

Шымкентте қоғамдық көлік жүйесін жақсарту мақсатында бүгіннен бастап жаңа №7 автобус бағыты іске қосылды. Енді Текесу шағынауданынан бастап қала орталығындағы «Ордабасы алаңына» дейін тікелей қатынайтын қоғамдық көлік қолжетімді болмақ.

Жаңа маршрут әзірге 4 кестемен, 29 минуттық интервалмен жұмыс істейді. Қала билігінің мәліметінше, алдағы уақытта жолаушылар санына қарай автобустар саны арттырылуы мүмкін. Бұл маршрут алдымен 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істеп, сұраныс деңгейіне қарай тұрақты негізде енгізіледі.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 82 бағыт бойынша 980 автобус күнделікті жолаушылар тасымалын қамтамасыз етіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 90 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

berdaly_oraz

Азизхан Исмаилов: «Тапсырма тиянақты әрі сапалы орындалуы тиіс»

berdaly_oraz

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Redaktor Arysinfo