Жетісайда тамшылатып суғару әдісі 8 мың гектарға дейін енгізіледі

Жетісай ауданында ағын су тапшылығын азайту және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі белсенді түрде енгізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Серік Мамытов шаруалармен кездесуі барысында мәлімдеді.

▪️ Қазірдің өзінде – 5 мың гектар
Қазіргі таңда 5 041 гектар егістік жерге су үнемдеу технологиясы енгізілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 8 000 гектарға дейін ұлғаймақ. Әкімнің айтуынша, бұл әдіс су ресурстарын тиімді пайдаланып, егіннің түсімін арттыруға мүмкіндік береді.

▪️ Жылыжай көлемі артуда
Бұдан бөлек, ауданда жылыжай шаруашылығы да дамып келеді. Өткен жылы 23 гектар жерде жылыжай салынса, биыл оған тағы 5 гектар қосылмақ.

Айта кетейік, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған 2024–2030 жылдарға арналған ұлттық тұжырымдама аясында елімізде ылғал үнемдеу технологиясын 1,4 млн гектар жерге енгізу көзделіп отыр. Түркістан облысы осы меженің 216,3 мың гектарын қамтамасыз етуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы: Тексеруді өзі жүргізетін органның басшысы Ғалымжан Тапеев тексерудің өзіне ілікті

berdaly_oraz

Шағыр-Монтайтас темір жол өткелі уақытша жабылады

berdaly_oraz

Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды

Пікір жазу