Қазақстандағы Вусонг университеті (WSUK) 2025 жылғы күзгі семестрге қабылдау науқанының басталғанын хабарлады. Түркістан қаласында ашылатын Woosong University-дің алғашқы халықаралық филиалы биыл қыркүйек айында жұмысын бастайды. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің серіктестігі негізінде жүзеге асып отыр.
WSUK — Орталық Азияда ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру орны. Университет студенттерге жасанды интеллект, деректер ғылымы, киберқауіпсіздік, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және мультимедиа мен веб-дизайн бағыттарында ағылшын тілінде оқытылатын заманауи білім береді.
WSUK артықшылықтары:
- 2 жылдық білімнен соң студенттер Оңтүстік Кореядағы негізгі кампуста немесе әлемнің 630-дан астам серіктес университеттерінде оқуын жалғастыра алады.
- Түлектерге Оңтүстік Кореяда арнайы визалық бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады.
- Оқыту халықаралық стандарттар мен ағылшын тілінде жүргізіледі.
Қабылдауға қойылатын негізгі талаптар:
- Ағылшын тілі деңгейі: IELTS 5.0 немесе балама тест нәтижелері (TOEFL iBT, CEFR, Duolingo, т.б.)
- IELTS 5.0-ден төмен болса: ҰБТ ағылшын тілі пәнінен 65%-дан жоғары нәтиже көрсетсе – балама ретінде есептеледі.
- ҰБТ-дан жоғары балл (үздік 15%) алған талапкерлер – ағылшын тестінен босатылады.
- Орта мектепті аяқтау.
- ҰБТ нәтижесі (кемі 50 балл) – бұл талап Қазақстанда оқыған түлектерге қатысты.
- IELTS 6.0 және одан жоғары нәтиже көрсеткендерге ҰБТ нәтижесі талап етілмейді.
Қабылдау мерзімі:
2025 жылғы шілде айының соңына дейін.
Толық ақпарат, құжаттар тізімі және стипендия шарттарымен WSUK-тың ресми сайтында танысуға болады:
🔗 https://wsuk.wsu.ac.kr/index.html
📞 Байланыс нөмірі: +7 (707) 360-70-05