«Таза Қазақстан» акциясы: Сарыағашта жастар тазалық жұмыстарына белсене қатысты

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар бойындағы бейберекет тасталған қоқыстар жиналып, арық-атыздар тазартылды, сондай-ақ жол жиектеріндегі шөптер орылды.

Игі бастамаға аудан жастары белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен экологиялық жағдайына жанашырлық танытты.

«Таза Қазақстан» науқанының басты мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасын насихаттау арқылы отансүйгіштік пен табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.

Бұл бастама ел азаматтарын қоршаған ортаға ұқыппен қарауға және ортақ жауапкершілікке үндейді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстықтар «Өнерлі өлкенің» келесі кезеңінде бақ сынайды

Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арысқа жұмыс сапарымен келді

berdaly_oraz