Арыста балалар күні кең ауқымда аталып өтті

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Арыс қаласындағы Орталық Әл-Фараби алаңында кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. «Балғын балалар – біздің болашағымыз!» ұранымен өткен бұл күн қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады.

Мерекелік бағдарлама таңертеңгі сағат 9.00-де басталып, қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының «Әлемді балалар көзімен қарайық» атты концерттік қойылымымен ашылды. Одан әрі бүлдіршіндер асфальтке сурет салып, бейбітшілік пен достықты, бақытты балалық шақты бейнеледі. Сонымен қатар, түрлі спорттық жарыстар мен сахналық қойылымдарға белсене қатысты.

Мерекеге арнайы келген қала әкімі Қайсар Маңқараев балалардың өнерін тамашалап, өнерлі өрендерге ақжарма тілегін білдірді. Сондай-ақ, спорттық жарыстарда көзге түскен жас қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Шара барысында қайырымды кәсіпкерлердің қолдауымен балаларға балмұздақ таратылып, жалпы атмосфераны мерекелік көңіл күй одан әрі жандандырды.

Балалар күлкісі мен жарқын жүздері бұл күннің нағыз шаттық пен үмітке толы болғанының жарқын дәлелі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте заманауи музыкалық субұрқақ пайдалануға берілді

berdaly_oraz

Түркістан: мектептердің құрылысы зерделеніп, лагерьлердің дайындығы пысықталды

Шымкентте 300 миллион теңге жымқырған үш полицей мен кәсіпкер сотталды

berdaly_oraz