Түркістан қаласында ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған ірі медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Біріккен Араб Әмірліктері Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның есімі берілген 80 төсектік перзентхана өңірдегі медициналық көмектің мүмкіндіктерін кеңейтпек.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа медициналық нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Демеушілік қаражат есебінен салынып жатқан ғимаратта жүкті әйелдерге, босанатын аналарға және жаңа туған нәрестелерге сапалы медициналық көмек көрсетуге қажетті жағдайлар қарастырылған.
Жалпы аумағы 3,3 гектар жерді қамтитын кешен ғимараттарының ауданы 17 287,98 шаршы метрді құрайды. Мұнда босандыру және операциялық бөлімдер, жүкті әйелдер патологиясы, ана мен баланың бірге болу палаталары, нәрестелер реанимациясы және шала туған сәбилерді күту бөлімшелері орналасады.
**Перзентхананың басты ерекшелігі – күрделі
