«Әлеуметтік әмиян» жүйесі – «QazaqGaz Aimaq» АҚ әзірлеген мобильді қосымша

«Әлеуметтік әмиян» жүйесі – «QazaqGaz Aimaq» АҚ әзірлеген мобильді қосымша. Бұл “EGOV Mobile” қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға электрондық ваучерлер түрінде тауарлық газға жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік әмиян» сервисі – жеңілдік алу процесін оңайлатып, оны жылдам, қолжетімді әрі ыңғайлы етеді. Бұл туралы баспасөз брифингінде мамандар мәлімдеді. Айтуында аталған мобильді қосымша халық үшін тиімді болмақ.

Қазіргі таңда 157 мыңнан астам адам қосымшаны жүктеп алып, жеке шоттарын енгізген. Бүгінде “Forte Bank” пен “QazaqGaz Aimaq” мекемелері арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.

«Егер азаматтар “Forte Bank” арқылы газ үшін төлем жасаған жағдайда 10% кэшбек, ал “QazaqGaz Aimaq” мобильді қосымшасы арқылы көрсеткіштерді жіберген тұтынушыларға қосымша тағы 1% кэшбек беру мүмкіндігі қарастырылуда»-деді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

Диплом бар ма, жоқ па? Қарағандыдағы медициналық колледж түлектері неге болашағынан қағылды?

Redaktor Arysinfo

Кентауда тамақтану нысанында өрт тіркелді

berdaly_oraz

Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Redaktor Arysinfo