Шымкентте “Абай әлемі“ Республикалық байқауының финалы өтті

Шымкент қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби-рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Абай әлемі» республикалық байқауының қорытынды кеші өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Байқаудың алғашқы кезеңі 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтті. Биыл 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысып, оның 26-сы финалға жолдама алды. Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен жиналды.

Салтанатты кеште финалистер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына арналған зерттеулерін ұсынды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Абай мұрасының жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудегі маңызын атап өтті.

Бас жүлдені 6506 әскери бөлімінің қызметкері Мәлік Бекжан жеңіп алып, 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Батыс Қазақстан облысынан келген Азат Мыңбаев бірінші орынды иеленіп, 700 мың теңгелік жүлдені алды.

“Абай әлемі» байқауы үшінші жыл қатарынан өтіп, жас дарындарды анықтау мен Абай шығармашылығын насихаттаудың маңызды алаңына айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ғылымның басым бағыттары бойынша жобаларды қабылдайды.

Redaktor Arysinfo

6500 оқушы – бір жүрек, бір бейне: Алматыда ерекше флешмоб өтті

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

Альфия Адамбек