АРЫСТА Б.ОНТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Арыс қаласында Кеңес Одағының батыры Бейсен Оңтаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы және елге танымал боксшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Осымен 42 мәрте ұйымдастырылып отырған спорт сайысына 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер қатысуда. Олар 15 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Бес күнге жалғасатын жарыста Қырғызстан, Өзбекстан және республика облыс аудандарынан бөлек, Алматы, Шымкент қаласы мен Жамбыл спортшылары күш сынасады. Байрақты бәсеке, 22-27 қырқүйек аралығында  өтуде.
Айта кетейік, Оңтаев Бейсен Сейітұлы 1922 жылы Арыс ауданына қарасты Бейсен ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалып, Арыс қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс қарсаңында Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп, Отырар, Мақтаарал аудандарында жер суландыру жүйесінде жұмыс істеген. Кеңес әскері катарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, орталық майдан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1943 жылы 30 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бейсен Онтаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен Алтын жұлдыз медалі қоса тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Облыс әкімінің орынбасары түркиялық инвесторлармен кездесу өткізді

АРЫСТЫ АББАТТАНДЫРУҒА АЙРЫҚША МӘН БЕРІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда әскерге шақырылушылармен қалай жұмыс істейді?