ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың төрағалығымен қаланың сәулеттік келбетін жақсарту жөніндегі жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне қарасты «Арыс қаласының урбанистика орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әзірлеген бірқатар ұсыныс жобалары қаралды.
Күн тәртібінде қала инфрақұрылымы мен сәулеттік келбетін жаңғыртуға бағытталған бес жоба ұсынылды. Атап айтқанда, Әл-Фараби көшесін ретке келтіру, О.Байдаулетов көшесін кеңейту, М.Мақатаев пен Ө.Азизаев көшелерінің қиылысын қайта ұйымдастыру, Арыс қаласында салынуы жоспарланған Оқушылар сарайының жобасы, сондай-ақ Батырлар аллеясы аумағындағы ғимараттардың сыртқы қасбеттерін біріздендіру бойынша ұсыныстар таныстырылды.
Ұсыныс жобалары бойынша Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрғиса Жанбатыр баяндама жасап, әр жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды.
Отырыс барысында жұмысшы топ мүшелері ұсынылған жобаларды жан-жақты талқылап, олардың қала құрылысы талаптарына сәйкестігіне, тұрғындарға қолайлылығына және сәулеттік үйлесімділігіне қатысты пікірлерін білдірді.
Қала әкімі  қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруда әрбір жобаның сапасы мен ұзақ мерзімді тиімділігіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қаладағы құрылыс және абаттандыру жұмыстары бірыңғай сәулеттік тұжырымдамаға сай жүргізіліп, заманауи талаптар мен тұрғындардың сұранысын ескеру маңызды екенін жеткізді.
Жұмысшы топтың қарауына ұсынылған жобалар тиісті ұсынымдар негізінде пысықталып, кезең-кезеңімен бюджет мүмкіндігіне іске асыру мәселесі қаралатын болады.
Показать меньше

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық түлектерге «Woosong» университетінде білім алуға 100 грант бөлінді

berdaly_oraz

Алматы облысында базардағы дәмханадан 19 адам уланды

Redaktor Arysinfo

ТҮЛКІБАСТА СУ ЖАҒАЛАУЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

berdaly_oraz