АРЫСТА ЭССЕ ЖАЗУШЫЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2025 жылға арналған Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау процессіне қатысушыларды электораттық оқытудың күнтізбелік жоспары мен 25 қазан Республика күні мерекесіне сәйкес орта мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында «Мен әкім болсам…», «Мен депутат болсам…» тақырыптары бойынша эсселер жазбаларының аудандық байқауы ұйымдастырылған болатын.

Бүгін сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, мектептерден үздік 39 эссе жазбалары іріктеліп алынды. Жүлдегерлерді Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» Тілдерді оқыту және дамыту орталығының мамандары анықтады.


Сайыстың қорытындысы бойынша Арыс жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы оқушысы Бауыржан Н., С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы оқушысы Таңатбек Ш.,  В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жаркинбек К., III-орын;

И.Журба атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сейтханұлы Ә.,  Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шекербек Ұ., II-орын;

В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әсет М., I-орын иеленсе, Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шыналхан Ж.,  байқаудың «Бас жүлдесін» иеленді.

Сайыс жеңімпаздары Арыс аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Махановтың дипломдарымен  марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда ауыл шаруашылығы: өндіріс көлемі 120 млрд теңгеге таяды

berdaly_oraz

Бәйдібек: «Жер аманаты» жобасы аясындағы аймақтық комиссия көшпелі отырысы өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысы тұрғындарының 83 пайыздан астамы МӘМС жүйесімен қамтылған