Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков төрағалығымен мәжіліс өтіп, үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының іс-шара жоспары жан-жақты талқыланды. Жиынға жауапты басқармалар, сондай-ақ Арыс қаласы мен Келес, Сарыағаш, Сауран, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының әкім орынбасарлары, ауыл шаруашылығы бөлімдері, аумақтық инспекция басшылары мен мамандары қатысты.
Зиянкестер таралған аумақтарға талдау жүргізіліп, фитосанитариялық карта жасалды. Оның нәтижесі бойынша 65 сектор белгіленіп, келісілді. Мамандар Арыс, Келес, Сарыағаш аумақтарында күбірше тығыздығы былтырғыдан аз болатынын болжауда, алайда оның орналасу аймағы кеңеюі мүмкін деген болжам бар. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, қазіргі таңда «Болжам орталығы» көктемгі зерттеуді бастады.
Нұрбол Тұрашбеков науқан барысында аудан-қала әкімдіктеріне міндеттерге тоқталды. Анықтаушылардың тізімі, тасымал көліктері, орынжайлар және басқа туындаған мәселелер бойынша шұғыл хабарлау керектігін ескертті. Белгіленген тапсырмалар мерзімінде орындалуы тиіс, ал дайындық көрсеткіші ұсынылған есеппен сәйкес келмеген жағдайда жауапкершілік қаралатын болады.
Химиялық өңдеу барысындағы қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмайды. Науқан басталғанша барлық анықтаушылар арнайы дайындықтан өтеді. Жауаптыларға жер иелеріне өз аумақтарын тұрақты зерделеу қажеттігі туралы хабарламалар таратуды аяқтау жүктелді.
Өңдеу жұмыстары ауа райына байланысты сәуір айының екінші онкүндігінде басталмақ
