16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.

12–13 қыркүйек күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады.

Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

14–16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компанияларының жетекшілерімен кездеседі.

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста үш бірдей тұрғын үйді шарпыған өрттің себебі тексерілуде — ТЖБ

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров Түркістан облысында кәсіпкерлікті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ҚАЖЫМҰҚАН МУЗЕЙІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІП, ТУРИСТЕР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЕТІЛДІ

berdaly_oraz