2025 жыл Arysinfo үшін несімен есте қалды?

2025 жыл Arysinfo.kz редакциясы үшін оңай басталған жоқ.Алғашқы репортаждардың бірінде редакция тілшісі күтпеген жерден бейтаныс ер адамдардың қысымына ұшырап, түсірілім барысында жиналған материал күшпен тартып алынып, жойылып жіберілді. Бұл жағдай жас ақпараттық агенттік үшін кәсіби тұрғыда да, психологиялық жағынан да ауыр сынақ болды. Алайда дәл осы оқиға редакцияны шыңдап, қандай оқыс жағдайға қарамастан, цензурасыз әрі ашық ақпарат тарату ұстанымын одан әрі нығайта түсті.

Жыл бойы Arysinfo үшін есте қалған маңызды бағыттардың бірі – ауданға қарасты ауылдардың инфрақұрылымдық дамуы болды. Жол сапасы, ауыз су, жарық және әлеуметтік нысандарға қатысты мәселелер жүйелі түрде көтеріліп, оқырман тарапынан кеңінен талқыланды. Бұл материалдар агенттіктің жергілікті халыққа жақын екенін әрі нақты проблемаларды ашық көтеруге дайын екенін көрсетті.

2025 жыл шығармашылық серпілістерімен де ерекшеленді. Біршама үзілістен кейін «Жұлдыз болғым келеді» жобасының қайта қолға алынуы редакция үшін маңызды жетістікке айналды. Сонымен қатар, екі жас журналистің Arysinfo ұжымына қосылуы команданың әлеуетін арттырып, агенттіктің болашағына деген сенімді күшейтті. Бұл жаңалықтар жылды жағымды нәтижелермен қорытындылауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Арыс қаласында «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған «Amanat Aqylman» зияткерлік сайысында Arysinfo командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл жетістік агенттіктің тек жаңалық таратумен шектелмей, қоғамдық-танымдық ортада да белсенді екенін айқын көрсетті.

2025 жыл Arysinfo үшін сынаққа толы, сонымен қатар қалыптасу мен өсу кезеңі болды. Қиындықтардан шыңдалып, жетістіктермен жігерленген редакция үшін бұл жыл кәсіби жолдағы ұмытылмас белес ретінде есте қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан темір жол вокзалы сатылымға қойылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстары күшейтілді

berdaly_oraz