Сурет: Түркістан обл әкімдігі
Түркістан облысында газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұрғындарды табиғи газбен қамту көрсеткіші айтарлықтай артты. Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар нәтижесінде шалғай ауылдарға дейін газ желілері тартылып, «көгілдір отынға» қолжетімділік кеңейіп келеді. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға, экологиялық жағдайды оңалтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге ықпал етуде.
2025 жылы облыс аумағында 87 газдандыру нысанының құрылысы басталды. Оның 45-і толық аяқталса, қалған 42 жобаны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Жыл қорытындысы бойынша 70 мыңға жуық тұрғыны бар 41 елді мекен табиғи газға қосылды. Соның нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендер саны 606-ға жетіп, жалпы көрсеткіш 75,1 пайызды құрады. Ал газ тұтынушылар саны 1,9 миллион адамға жетіп, халықты қамту деңгейі 88,9 пайыз болды.
Созақ ауданында автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы толығымен аяқталып, іске қосылды. Аталған нысан қысқы кезеңде магистральді газ құбырын тоқтатпай, үздіксіз газ алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Еврохим» магистральді газ құбырында техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп, тазалау, крандарды тексеру және қысыммен сына
