«Аудан әкімі жедел әрекетке көшті» Арыс – Монтайтас бағытындағы жол ақауы жөнделмек

Арыс қаласының аумағынан өтетін облыстық маңызы бар Арыс – Монтайтас (КХ-92) автожолының Шағыр елді мекенінен шыға беріс бөлігінде жол жабындысы бұзылып, тұрғындар мен жүргізушілерге қолайсыздық туғызуда. Ақаулы учаске – 37 мен 39 шақырым аралығы.

Мәселені көзбен көру үшін Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев оқиға орнына арнайы барып, жағдаймен танысты. Ол жол қауіпсіздігі мен көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету — басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Аталған жол Түркістан облыстық маңыздағы инфрақұрылым қатарына жататындықтан, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының құзырында. Қазіргі таңда бұл мекемеге ресми түрде қалпына келтіру жұмыстарына қатысты хат жолданған. Жуық арада жөндеу жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары басталды

berdaly_oraz

АҚШ-тың Украинаға көмегін Трампты Байденмен салыстыруға келмейді

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Жетісай диқандары қырыққабаттың алғашқы түсімін экспорттауда

Альфия Адамбек

Пікір жазу