ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУРУХАНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУРУХАНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Түркістан облысында алты ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Жетісай аудандарына жұмыс сапарымен барып, медициналық нысандардағы құрылыс барысын тексерді.

Шардара ауданындағы «Қазақстан» ауылдық ауруханасының жаңғырту жұмыстары мамыр айында басталған. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы бөлігі толықтай аяқталуға жақын, нысан тамыз айының соңында пайдалануға берілмек. Ал Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасының «А» және «Г» блоктарында ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның аяқталуы келесі жылға жоспарланған. Нысан құрылысына жалпы 1,8 млрд теңге бөлінген. Жоспарланған алты нысанның бірі – Қазығұрт ауданындағы Қаратас ауылдық емханасы – толық жаңартылып, іске қосылған.

Бейсенбай Тәжібаев құрылыс алаңдарын аралау кезінде мердігерлерге жұмысты жеделдетіп, сапаны басты назарда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ ол жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сай атқарылып жатқанын, кемшіліктердің дер кезінде түзетіліп отырғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Taobao онлайн сауда платформасы ресми іске қосылды

berdaly_oraz

ДЕПУТАТТАР ӨҢІРДЕГІ ТУРИСТІК НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

berdaly_oraz

Шымкентте жүргізуші куәлігін сатқан қылмыстық топ ұсталды

Альфия Адамбек