Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздары марапатталды

Ақорда резиденциясында UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлдемен оралған қазақстандық командаларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жасақ сарбаздарын құттықтап, олардың жеңісі Қазақстанның абыройын асқақтатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Дубайда өткен додаға 48 елден 100-ден астам команда қатысқан. Бес күнге созылған жарыста қатысушылар күрделі тактикалық тапсырмаларды орындап, түрлі кедергілерден өткен.

Биыл «Қазақстан С» құрамасы абсолютті чемпион атанса, «Қазақстан А» командасы екінші орын иеленді. Сонымен қатар «Томирис» қыздар құрамасы әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетті. Қазақстаннан барған бес команданың барлығы үздік жиырмалыққа енді.

Мемлекет басшысы қазіргі геосаяси жағдайда ел қауіпсіздігін нығайту, күштік құрылымдарды жаңғырту және технологиялық жарақтандырудың маңызына тоқталды. Оның сөзінше, жарыстағы табыс – әскери дайындық пен жоғары моральдық рухтың нақты көрінісі.

Жарлыққа сәйкес, бірқатар офицер мен әскери қызметкер Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Президент Алғысымен марапатталды.

Салтанатты шарада жарыс қатысушылары – Нұрсұлтан Сапаров, Дарина Билденова, Максим Бухметов және Наталья Местоева сөз сөйледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда спорт мектептері мен бөлімдері тексерілді

berdaly_oraz

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында есірткі тасымалдаған ер адам істі болды

berdaly_oraz