АЛМАТЫ: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Кеңес төрағасы Шерзод Пулатовтың басшылығымен Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шарада өңірлердің ішкі саясат және қоғамдық даму басқармаларының, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері болды. Түркістан облысынан аталған жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және Түркістан облыстық Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова қатысты.
Кеңес мүшелері этномедиация институтын дамыту мәселелерін, сондай-ақ «Біртұтас қоғам: келісім және сенім», «Елдесу және татуласу» сияқты ҚХА қоғамдық жобаларын іске асыру барысын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысқа баса назар аудара отырып, өңірлерде этномедиация институтын дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылды.
Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өңірлердің Ішкі саясат және қоғамдық даму басқармалары басшыларының орынбасарларымен, Достық үйлерінің директорларымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы мен динамикасы, сондай-ақ этносаралық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі күнделікті жұмыстардың әдіс-тәсілдері талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте тазалық талаптарын бұзған 1600-ден астам адам жауапқа тартылды

berdaly_oraz

АУЫС-ТҮЙІС: АРЫСТЫҢ БАС ИДЕОЛОГЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 62 КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛДЫ

Пікір жазу