Алматыда түркістандық «Jana Lep!» өнерпаздары аншлагпен өнер көрсетті

Алматы қаласында Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Конгресс Холл» кешенінің өнер ұжымы — «Jana Lep!» гастрольдік сапар аясында алматылық көрерменге есте қаларлық өнер кешін ұсынды.

Шығармашылық топ Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясын сахналап, залды жастық шақтың мөлдір естеліктерімен тербеді. Көрермендер қойылымдағы кейіпкерлермен бірге балғын сезімдердің әсерлі иірімдеріне шомып, шынайы эмоция мен талантты ойынға куә болды.

Өнер кешіне қазақ мәдениетінің абызы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов арнайы қатысып, жас өнерпаздарға батасын берді. Ал мекеме басшысы Асқар Кенехан сахна төрінен алматылық көрермендерге алғысын білдіріп, шығармашылық жолдағы қолдауға ризашылығын жеткізді.

Гастрольдік сапардың алғашқы күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сахнасында «Alqonyr» фольклорлық ансамблі «Сазды сапар: Түркістан үні» атты концертін өткізген болатын. Домбыра, қобыз, сазсырнай және өзге де ұлттық аспаптардың үнімен көмкерілген бұл кеш – көне сарын мен заманауи лептің тамаша үндестігін көрсетті.

Түркістанның өнері мен үні Алматы төрінде әсем үйлесім тауып, көрерменнің зор қошеметіне бөленді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданындағы Монтайтас ауылында тұрғын үй моншасынан өрт шықты

berdaly_oraz

Президент Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында болды

berdaly_oraz

Түркістан облысында жерді зерттеу және өңдеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Альфия Адамбек

Пікір жазу