Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Түркістан облысы Арыс қаласындағы “Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі” мекемесінде «Досболайық» бағдарламасының құндылықтары аясында колледж студенттерімен буллингтің және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматта кездесу өткізілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі. 

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында өзара сыйластықты арттыру, қауіпті мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ буллингтің зиянды салдары туралы түсінік қалыптастыру болды. Іс-шара барысында жастар ашық диалог жүргізіп, өз ой-пікірлерін еркін жеткізді, жағдаяттық тапсырмалар орындап, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдарын талқылады.

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесінің директоры Сарманов Нұрғали Наширұлы іс-шараны ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркебаев Нұржан «Досболайық» бағдарламасының мазмұны мен маңыздылығына тоқталып, студенттерге арнайы баяндама жасады.

 

Сонымен қатар, студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, бір-бірін қолдау, даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешу туралы ақпарат берілді. Кездесу достық қарым-қатынасты нығайтуға, колледж ішінде қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастырудың маңызын түсіндіруге ықпал етті.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар, «Аманат» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, Арыс аудандық АПБ ЖПҚ УПИ аға лейтенанты Қуаныш Назаров,  ардагерлер ұйымының мүшесі, колледжішілік қамқоршылық кеңестің төрағасы Сайлау Бердібеков студенттермен еркін әңгімелесіп, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, буллинг пен құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде маңызды кеңестер берді.жастармен ой бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

berdaly_oraz

Сырымдағы қайғылы жағдай: облыс әкімдігі шұғыл шара қабылдады

berdaly_oraz

ТАНЫМАЛ ӘНШІ ТӨРЕҒАЛИ ТӨРӘЛІ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Redaktor Arysinfo