Арыс қаласы тұрғындары мен қонақтарына ескерту

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 қараша күні Түркістан облысының солтүстік, оңтүстік және батыс аумақтарында, сондай-ақ таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупі артады.

Осыған орай Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:

 

таулы және тау бөктерлі аймақтарға бармау;

 

табиғатқа шығуды, аңшылық пен серуендеуді шектеу;

 

жолда қозғалыс кезінде жылдамдықты азайтып, көлік жүргізу ережелерін қатаң сақтау;

 

мүмкіндігінше елді мекендерден алысқа шықпау.

 

Қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қорғауға шақырамыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жолдағы тәртіпті дрондар бақылайды: жаңа жүйе іске қосылмақ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КӨГАЛДАНДЫРУДЫҢ ӨҢІРДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ӘДІСІ ЕНГІЗІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында әлеуметтік, экономикалық және қауіпсіздік шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

berdaly_oraz