Арыс қаласында газдандыру қарқынды жүргізілуде

Арыс қаласының орталығына табиғи газ жүргізу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Жақында іске қосылған №4 газ тарату пункті (ГРП) қала тұрғындары үшін маңызды қадам болды. Осы жүйе арқылы орталық көшелерге көгілдір отын жеткізіліп, алғашқы үйлер газға қосыла бастады.

Қаладағы алғашқы абоненттердің бірі – Самал (Парковый) тұрғын ауданындағы Ш.Кенжеханов көшесінде орналасқан Сыздықовтар отбасы. Қуанышты сәтке куә болу үшін қала әкімі Қайсар Маңқараев арнайы барып, тұрғындарды құттықтады. Ол газдандырудың қала тұрғындары үшін үлкен артықшылықтар беретінін атап өтті.

Қазіргі уақытта Саяжай-1 Құрайлы көшесі, Ш.Кенжеханов көшесі, Ұлағат көшесі және Елетов көшесі сынды бес көше газбен қамтылды. Бұл – ауқымды жобаның алғашқы кезеңі ғана. Жоспар бойынша, алдағы уақытта орталықтағы барлық көшелерге газ тартылады.

Газға қосылу тұрғындар үшін жайлылықпен қатар, экологиялық таза әрі үнемді энергия көзін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы орайда, жергілікті билік тұрғындарды үйлеріне дейінгі газ құбырын тарту жұмыстарын уақытылы жүргізуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Ресейдің энергетика министрі тоқаевқа путиннің хабарламасын жеткізді

berdaly_oraz

Жетісайда міндетін дұрыс атқармаған басшыларға шара көрілетіні ескертілді

berdaly_oraz

Елімізде 7 сәуірден бастап көлікті сақтандыру бағасы жаңа ережемен есептеледі

berdaly_oraz

Пікір жазу