Бүгін Арыс қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Жиынды қала әкімі Қайсар Маңқараев жүргізіп, оған комиссия мүшелері, әкімдік аппаратының қызметкерлері, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжіліс күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Біріншісі – табиғатты қорғау заңнамасын сақтау және браконьерлік құқық бұзушылықтардың алдын алу. Комиссия мүшелері экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы іс-шараларды күшейту, браконьерлікті ерте анықтау және тиісті профилактикалық шараларды жүргізу жолдарын талқылады.
Екінші мәселе жеке тұлғаларға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу болды. Арнайы назар ауыр және аса ауыр қылмыстарға аударылып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шараларды тиімді ұйымдастыру қаралды.
Үшінші мәселе көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау болды. Комиссия теміржол жүрісі мен көлік қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, пойыздарды қажетсіз тоқтатуды болдырмау бойынша іс-шараларды талқылады.
Мәжіліс қорытындысында қала аумағында құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша нақты іс-шараларды ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Комиссияның жұмысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және құқықтық тәртіпті сақтау ісіне серпін бермек.
