Арыс қаласында жергілікті кірістерді арттыру жолдары талқыланды

Арыс қаласында жергілікті бюджетті толықтыру мәселесіне арналған жұмысшы топтың жиыны өтті. Отырысқа қала әкімі Қайсар Маңқараев жетекшілік етті.

Басқосуға әкімнің орынбасарлары, қалалық кірістер басқармасының өкілдері, дербес бөлім мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен түрлі мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Мәжілісте қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Асанов баяндама жасап, 2025 жылдың жеті айындағы жергілікті кірістердің орындалу нәтижелерін жариялады. Сондай-ақ 2025–2026 жылдарға қосымша кіріс көздерін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың барысы мен жұмысшы топтың тапсырмалары туралы хабарлады.

Қала әкімі Қайсар Зәкірұлы өз сөзінде салық базасын кеңейтуге ерекше мән берді. Әсіресе көлік, мүлік, жер және үй салығын толық әрі уақытылы жинау үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілуі тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерінің есеп айырысу тәртібін заңдастыру мақсатында POS-терминалдар орнатуды қадағалау қажеттігіне назар аударылды. Бұл қадам көлеңкелі айналымды азайтуға және бюджет түсімін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Жиынды түйіндеген қала басшысы барлық жауапты мекеме мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Әр тапсырманың орындалуы тұрақты түрде бақылауда болып, апта сайын қаралатыны ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар

«Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Алматыда қоқыстан әйелдің бөлшектелген денесі табылып,күдікті ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысы инвесторлар тарту арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыруда

berdaly_oraz