Арыс қаласындағы №35748 әскери бөлімі маңызды оқу-жаттығудан өтті.

2025 жылдың 26 наурыз бен 04 сәуір аралығында Арыс қаласындағы №35748 әскери бөлімі Алматы қаласы, Отар қалашығының Матыбұлақ полигонында маңызды тактикалық оқу-жаттығудан өтті. Оған Арыс қаласынан 70 әскери техника жұмылдырылып, 50-ден астам сарбаз, сержанттар мен офицерлер, сондай-ақ Шымкент қаласындағы механикаландырылған бригадасының жеке құрамы қатысты.

Оқу-жаттығу жиындарының мақсаты — әскери мамандардың кәсіби дағдыларын жаңартып, жауынгерлік дайындықты күшейту, қарулы күштердің тиімділігін арттыру болып табылады.

Әскери жиын барысында кәсіби әскери нұсқаушылар қатысушыларды теориялық және практикалық тұрғыда жаттықтырды. Оқу-тактикалық жаттығу кезінде олар әскери машықтарын пысықтап, дайындықтарын нығайтты. Бұл уақыт аралығында сарбаздар өздерінің мамандықтарына қатысты жаңа мәліметтер мен әдістерді үйренді. Қару-жарақ және әскери техниканы пайдалану дағдыларын қайтадан жетілдіріп, қазіргі заманғы әскери техникамен жұмыс істей алу қабілеттерін арттырды. Сонымен қатар, жауынгерлер атыс техникасы мен жауынгерлік іс-қимылдардың жаңа тактикалық тәсілдерін жетік меңгере түсті. Мұндай әдістер жауынгерлік әрекеттер кезінде тиімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған.

Жылына екі рет өтетін оқу-тактикалық жаттығу әскери қызметкерлердің жауынгерлік даярлығын арттырумен қатар, еліміздің қорғаныс саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдардың бірі, — дейді офицерлер.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданындағы Монтайтас ауылында тұрғын үй моншасынан өрт шықты

berdaly_oraz

Арыс қаласында марокко шегірткесіне қарсы күрес күшейтілді

berdaly_oraz

Түркістан облысында бопсалау және қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан топ ұсталды

berdaly_oraz

Пікір жазу