Арыс қаласының Қожатоғай аумағында шегірткеге қарсы ауқымды шаралар қолға алынды. Таңғы сағат 6:00-ден бастап мамандар алқаптарды зиянкестерден қорғау үшін дәрілеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс тобының құрамында еліміздің әр өңірінен келген мамандар бар. Солардың бірі – Қостанай облысы, Амангелді ауданынан арнайы шақыртылған Жандос Саттаров. Ол таң ата жұмысқа кірісіп, тіпті далада жылжымалы палаткаларда түнейді.
“Бұл – еріккеннің емес, ел үшін еңбек еткеннің ісі”, – дейді ол.
Мамандар егістік пен жайылым жерлерді түгел қамту үшін кешке дейін жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, зиянкестердің таралуына жол бермеу мақсатында барлық шаралар қолға алынған.