Арыс–Монтайтас бағытындағы тас жолдарда тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сурет: Монтайтас ауылдық округінің әкімдігі | Автор: Бердалы Ораз

2026 жылғы 13–15 қаңтар аралығында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округі әкімінің аппаратымен бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмыстар «Сарағаш–Жылға–Монтайтас–Сұлтан-Рабат» КХ-11 және «Арыс–Монтайтас» КХ-92 автомобиль жолдары бойында атқарылуда. Атап айтқанда, 42-разъезд, Қабылсай, Ақтас, Шағыр және Монтайтас ауылдарына баратын жол учаскелерінде қоқыс тазалау, жол жиегін ретке келтіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған іс-шара жол бойындағы санитарлық ахуалды жақсартуға және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,7 МИЛЛИОН АДАМ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАМТЫЛҒАН

berdaly_oraz

Шымкентте МӘМС жүйесінде дербес төлеушілер саны артты

Арыста «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша мобильді топтың халықпен кездесуі өтті