Арыс өзенінде қыз бала суға батып,қайтыс болды

22 шілде күні Арыс қаласына Сарыағаштан қонаққа келген 10-13 жас шамасындағы қыз бала Арыс өзеніне батып, қаза тапты. Қайғылы оқиға кешкі сағат 17:00 мен 18:00 аралығында болған.Бұл туралы  Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Куәгерлердің мәліметінше, марқұм қыз өзен жағасында жүрген сәтінде суға кеткен. Жергілікті тұрғындар оқиғаның куәсі болған. Arysinfo.kz тілшілері ресми ақпарат алу үшін жергілікті Төтенше жағдайлар бөліміне сауал жолдағанымен, әзірге ешқандай жауап берілген жоқ.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және құзырлы органдардың әрекет ету барысын білу үшін Arysinfo.kz редакциясы ресми мәлімдеме талап етеді. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты мұндай жағдайлар қоғам тарапынан ашықтықты және жауапкершілікті қажет етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕТІН ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

berdaly_oraz

Арыстық ұстаз “Алтын тұғыр” олимпиадасында жүлдегер атанды

berdaly_oraz

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОВОЗ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz