АРЫС: ШАХАРҒА КІРЕБЕРІС КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ТАРАЗЫЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бұл өз кезегінде Арыс қаласына бекітілген нормадан тыс жүк тасымалдап, жол жабындысын бүлдіретін ауыр жүк көліктеріне тоқтам болмақ. Бұған дейін де арыстықтар бірнеше рет қала көшелеріне шамадан тыс жүк тиеп, асфальт жабындыларын бұзатын ауыр жүк көліктерінің қозғалысына алаңдаушылық білдіріп, шағымдарын  жеткізген еді. Мәселені шешу үшін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тарапынан зерделеніп, нақты шаралар қабылдауға тапсырма беріліп,  Түркістан облыстық әкімдікке заманауи электронды таразылар орнату туралы ұсыныс жасалды. Нәтижесінде қажетті қаражат бөлініп, қазір Арыс қаласының кіреберісіне заманауи электронды таразы орнату жұмыстары жүргізілуде. Заманауи цифрлы өлшеуіш таразы асфальт жабынды астына орнатылуда. Шамадан тыс жүк артқан жүк көлігі асфальт үстімен өткен жағдайда «ақылды» таразы артық салмақты дерекқорға дереу жеткізеді. Арпа ішінен жалғыз бидайды жазбай танитын «Сергек» жүйесі іспеттес электронды таразы тәртіп бұзған ауыр техника тізгіншісін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Бұл жүйе жолдарды сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Арыс қаласының әкімдігі тұрғындардың өтініштеріне құлақ асып, жол инфрақұрылымын қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауда.
Өз кезегінде жаңа электронды таразылардың орнатылуы қала көшелерінің сапасын сақтауға және көлік қозғалысын реттеуге үлкен үлес қоспақ.

default
default

Ұқсас жаңалықтар

«Баламды алаяқ етіп көрсетудің қажеті жоқ» – Балғынбек Имашев дауға қатысты үн қатты

berdaly_oraz

Президент Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында болды

berdaly_oraz

Шымкентте МӘМС жүйесінде дербес төлеушілер саны артты

Пікір жазу