АРЫС: ЖАҚЫН ЖЫЛДАРЫ ЖАҢА 165 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова бір аптадан бері қалаға қарасты барлық ауылдық округ жұртышылығымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен бөлісіп, ауылдардағы өзекті мәселелерді саралаған болатын. Бүгін халықпен кездесудің қорытындысы ретінде қалалық Мәдениет үйінде Арыс халқымен бірге есептік кездесу өткізді.
Өткен жылы Арыс қаласына 22,6 млрд. теңге инвестиция тартылса, биыл 24,1 млрд теңгеге дейін арттыру көзделуде. Ауыл шаруашылығы, логистика салаларында да маңызды жобалар жүзеге асады. Бұл жоспардың бәрі Арыс қаласының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясына енгізілді. Яғни, 2030 жылға дейін жалпы құны 373,3 млрд. теңгеге құрайтын 165 инвестициялық жобаны іске асырып 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
2024 жылы құны 16,1 млрд.теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба іске асырылып, 650 жұмыс орны құрылуда. Оның ішінде — «MEGA-AGAT» ЖШС-гі, жалпы құны 9 млрд теңге жуық 5 жоба іске асырады. Серіктестіктің жарқын жобаларының бірі Еуропаның «А» стандартына сәйкес келетін транспорттық-логистикалық орталығы, астық сақтау қоймасы, транспорттық-логистикалық орталығының жүк тасымалын ұйымдастыру, Еденді жылытуға арналған пластикалық шлангтар өндіру цехы, пластикалық құбырларға фитингтер өндіру цехы.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша халықтың табысын арттыру мақсатында жыл басында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітілген.Осыған сәйкес, биыл қала бойынша 3787 жаңа жұмыс орны ашылды деп күтілуде. (Оның ішінде, 1854 тұрақты, 1933 уақытша).
Жиында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын берді. Жиын соң қала әкімінің жеке қабылдауына ұласты. Қала басшысы әр сұраққа жеке тоқталып, заң аясында жауап берді. Бірқатары сол жерде шешімін тапса, кейбірін бақылауға алып, жауапты сала басшыларына тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент әкімдігі тұрғындарға заңсыз құрылыс жайлы ескерту жасады

berdaly_oraz

АРЫС ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ МАМЫР АЙЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

Ордабасыда шетелдік дәрігер шеберлік сағатын өткізді

berdaly_oraz

Пікір жазу