Арыста 28 мамырда шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі.Ал Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалды
2025 жылғы 28 мамыр күні Түркістан облысы аумағында ауа райының күрт нашарлауы болжануда. Арыс қаласы әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми ескерту жариялады.
🔹 Түнгі мезгілде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
🔹 Оңтүстік және таулы өңірлерде найзағай ойнап, ауа температурасы төмендейді.
🔹 Желдің күші солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
🔹 Солтүстік аудандарда шаңды дауыл болуы мүмкін.
🔹 Оңтүстік өңірде жоғары өрт қаупі, ал шөлді және тау бөктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
📍 Түркістан қаласында да жел күшейіп, кей уақыттарда шаңды дауыл соғады.
Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға үйден шықпауға, қажет болмаса сапар шегуден бас тартуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады.