Арыста 8 наурыз мерекесіне орай аналарға құрмет көрсетілді

Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні Арыс қаласында салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік кеш Арыс қалалық Мәдениет үйі ғимаратында ұйымдастырылып, ардақты әжелер мен аналарға, сондай-ақ түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандарға арналды.

Салтанатты жиында қала әкімі Қайсар Маңқараев пен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталды. Қала басшысы өз сөзінде ананың мейірімі мен қамқорлығы әр отбасының берекесі екенін атап өтіп, олардың еңбегі мен парасаты қаланың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын айтты.

Мерекелік бағдарлама барысында мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерге арнайы концерттік қойылымдар ұсынды. Сахнада анаға арналған әсерлі әндер орындалып, жыр-термелер шырқалды. Сонымен қатар театрландырылған көріністер көрсетіліп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында көп жыл еңбек етіп, қоғамда сый-құрметке ие болған ардагер аналарға алғыс білдіріліп, мерекелік гүл шоқтары табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тергеушіге алғыс айтылды: әділдік салтанат құрды

berdaly_oraz

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ «ҚАЛАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр