АРЫСТА БИЗНЕСКЕ ЖАҢА САЛЫҚ ЖЕҢІЛДІГІ ЕНГІЗІЛДІ

Түркістан облысының Арыс қаласы өңірде алғаш болып кәсіпкерлерге елеулі қолдау көрсетті. Енді шағын және орта бизнес субъектілері үшін табыс салығының мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға төмендетілді.

 

Бұл шешім 6 қараша күні өткен қалалық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Депутаттар бастаманы қолдап, жергілікті бизнестің жүктемесін азайтуға бағытталған өзгерісті бекітті.

 

Арыс қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков бұл қадам кәсіпкерлерге үлкен жеңілдік беретінін айтты.

 

«Салықтың 4-тен 2 пайызға төмендеуі өнімнің өзіндік құнын арзандатып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Инвестициялық ахуал жақсарып, салық төлеушілер саны да көбейеді. Бұл аймақтағы әлеуметтік жағдайға оң әсер етеді», — деді ол.

Ділдәбеков аталған бастаманы қолдауға барлық қазақстандықтарды шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісай аудан әкімі пайдалануға берілген нысандардың жай-күйін тексерді

berdaly_oraz

Мақтааралда Балаларды қорғау күні кең ауқымда аталып өтті

berdaly_oraz

Арыста “Таза Қазақстан” аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізілді