Арыста «Дүниежүзілік сайлау күні » мерекесі қорытындыланды

Дүниежүзілік сайлау күніне орай 2026 жылғы 5 ақпан күні Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен қаладағы Мәдениет үйінде «Дүниежүзілік сайлау күні » мерекесінің қорытынды жиналысы өтті. Жиналысқа аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік, округтік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Жиналысты аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Е.Мұратов ашып, «Дүниежүзілік сайлау күніне » арналған іс-шаралардың орындалу қорытындысы бойынша сөзді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Махановқа берді.

Е. Маханов биыл «Дүниежүзілік сайлау күніне » арналған іс шараларға Заң үстемдігі, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтік, Кәсібилік пен алқалылық тақырыбында ұйымдастырылғанын, жалпы 190 іс шара өткенін, іс шараға барлығы 44906 адам тартылып,10 кездесу, 5 тақырыпты сайыстар, 9 интеллектуалды ойындар, 23 дөңгелек үстелдер, 5 лекция, 13 дебаттар, 5 семинар, 2 көрме, 96 сынып сағаттары, 2 квест 20 басқа да іс шаралар өткенін айтты өтті. Іс шаралардың өтуіне үлес қосқан барлық комиссия мүшелеріне алғысын білдіріп, белсенділік көрсеткен комиссия мүшелерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Жиналыс соңында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Комиссия мүшелерінен құралған үш команда өзара сайысқа түсті. Сайыс үш бөлімнен тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Әділдік», 2 орынды «Ақиқат», 3 орынды «Еркіндік» командалары иеленді. Жеңімпаз командаларға аумақтық сайлау комиссиясының Дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 6 жасар бала кәріз суына батып қайтыс болды

berdaly_oraz

Түркістанда 22 жасөспірім сушиден уланып, ауруханаға түсті

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлармен кездесті

Альфия Адамбек