Арыс қаласында ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды.
Салтанатты рәсімде төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы табыстады. Ол ананың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, марапат иелерін құттықтады.
Ресми мәліметке сәйкес, 13 ана «Алтын алқа» иегері атанса, 31 ана «Күміс алқа» төсбелгісін алды. Награда иелерінің қатарында кәсіпкерлікпен айналысатындар, түрлі сала мамандары және үй шаруасындағы аналар бар.
Шара барысында отбасылық құндылықтарды нығайту мен көпбалалы аналарды қолдау мәселесі де атап өтілді.
