АРЫСТА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Заң және тәртіп» нормативін іске асыру аясында Арыс қаласы әкімдігі мен Арыс аудандық прокуратура, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп қалалық «Мансап» орталығы филиалының ғимаратында «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізуде.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әрбір азаматқа қолжетімді әрі уақытылы заң көмегін қамтамасыз ету. «Құқықтық дәріхана» кеңес беру пункті Арыс қалалық «Мансап орталығы» филиалының бірінші қабатындағы мәжіліс залында орналасқан. Кеңес беру пункті қазан айының әр сәрсенбісінде сағат 11.00 мен 13.00 аралығында жұмыс істейді.
Айта кетейік, кеңестер толығымен тегін, алдын ала жазылусыз және қарапайым әрі түсінікті форматта өткізіледі. Барлық тұрғындар осы мүмкіндікті пайдаланып, қолайлы жағдайда білікті заң көмегін алуына болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жас қаламгерлердің шығармашылық кездесу кеші өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА А ГЕПАТИТІНЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР АЗАЙДЫ

berdaly_oraz