Арыста медиация орталығы ашылды

Сурет: Арыс қаласы әкімдігі | Мақала авторы: Бердалы Ораз , Тәуекел Арманұлы

Арыс қаласында дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталған арнайы медиация кабинеті өз жұмысын бастады. Жаңа орталықтың ашылуына қала әкімі Қайсар Маңқараев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов, аудандық сот төрағасы Сапархан Омаров, аудан прокуроры Алмас Арыстанбеков, Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев және кәсіби медиаторлар қатысты.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшілері хабарлайды.

Жиында сөз сөйлегендер жаңа алаңның қоғамдағы өзара түсіністік пен тұрақтылықты күшейтуге ықпал ететінін атап өтті. Бастаманың басты мақсаты – азаматтар мен отбасы мүшелері арасындағы келіспеушіліктерді келісім арқылы шешу мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дәріптеу, неке тұрақтылығын сақтау және кеңес беру қызметін дамыту көзделген.

Шара аясында қалалық Мәдениет үйінде «Медиация – татулық пен тұрақтылық» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Онда құқықбұзушылықтың алдын алу, этносаралық келісімді нығайту, «Елдесу мен татуласу» жобасының тәжірибесі мен медиаторлардың практикалық әдістері талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АУТИЗМ СПЕКТРІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында Президент тапсырмалары аясында әлеуметтік қолдау мен денсаулық сақтау саласында ауқымды жобалар іске асуда

berdaly_oraz