Арыста мемлекеттік қызмет алушылар күні өтті

Арыс қаласында мемлекеттік қызмет алушылар күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2024–2029 жылдарға арналған Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына сәйкес өткізілді.

Іс-шара «Арыс қалалық мансап орталығы» филиалы ғимаратында өтті. Оны Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бірлесіп өткізді.

Шара барысында қала тұрғындары арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік көмек пен өзге де мемлекеттік қызмет түрлері бойынша мамандардан нақты кеңес алып, өз сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді халыққа қолжетімді етіп, азаматтарға көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандағы “Жеңіс” саябағында сенбілік өтті

Түркістан облысында жаңа шыны өңдеу кәсіпорны ашылды

Құрылыс саласындағы нормаларды сақтамау ірі көлемдегі айыппұл төлеуге соқтырады

Пікір жазу