Арыста референдум күні қоғамдық көлік тегін болады

Арыста референдум күні қоғамдық көлік тегін болады,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

2026 жылдың 15 наурызында өтетін республикалық референдум күні Арыс қаласында қоғамдық көлік тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.

Бұл бастама қала тұрғындарының референдум учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне және дауыс беруге қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осыған байланысты сол күні қала ішіндегі автобустар жолаушыларды ақысыз тасымалдайды.

Қала тұрғындары өздерінің қай учаскеде дауыс беретінін арнайы онлайн сервистер арқылы біле алады. Айта кетейік, референдум күні дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Дереккөз: Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «Е-МАКЕТ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 300 МЫҢНАН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Redaktor Arysinfo

Шымкентте қоғамдық орынды ластаған тұрғындар жауапқа тартылды