Арыста Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

Арыста Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті,-деп хабарлайды Арысинфо.

Арыс қаласында Республика күні мерекесіне арналған Мемлекеттік Ту көтеру салтанаты өтті. Шара Тәуелсіздік стелласында ұйымдастырылып, елдік рухты көтерген Әнұран шырқалумен басталды.

Салтанатты рәсімге қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметшілер мен әкімдік бөлімдерінің жетекшілері және қала тұрғындары қатысты.

Қала әкімі жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Ту көтеру рәсімінің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны екенін атап өтті.

«Мемлекеттік Ту – біздің егемендігіміздің, елдігіміздің айғағы. Республика күні – халқымыздың азаттығын, елдік рухын айшықтайтын мереке. Бұл күн әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатады», – деді қала басшысы.

Тәуелсіздік стелласы – Арыстың ең мәртебелі нысандарының бірі. 2015 жылы бой көтерген мұнараның биіктігі 30 метрді құрайды. Тутұғырда ені 9 метр, биіктігі 4,5 метр болатын көк байрағымыз асқақ желбіреді.

Мерекелік сәт қатысушыларға ерекше рух пен мақтаныш сезімін сыйлады.
25 қазан – Республика күні құтты болсын, арыстықтар!

Ұқсас жаңалықтар

Ата-аналар әскердегі ұлдарының қызмет ету жағдайларымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты — Бектенов

berdaly_oraz

Түркістан облысында туристік әлеуеті бар 100 нысан айқындалды

berdaly_oraz