АРЫСТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала басшысы Қайсар Маңқараевтың төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Мәжіліске Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе: «Бюджеттен бөлінген қаржыларды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы» қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Асанов баяндама жасаса, екінші мәселе: «Энергетика, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Жомарт Тұрсымбеков баяндады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтар қойылып, бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс өңірінде кеурек қазған шетелдіктер анықталды

1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды

berdaly_oraz

Түркістан: “Ата заң — тәуелсіздік тірегі” ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жұмыстары пысықталды