Арыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш отырғызылды

Арыс қаласында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жалпықалалық ағаш отырғызу акциясы өтті. «Таза Қазақстан» атты жасыл бастамаға қала әкімі Қайсар Маңқараев бастаған тұрғындар, ардагерлер, жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен мешіт имамдары белсене қатысты.

Алғашқы көшеттер қала орталығындағы Құрметті азаматтар аллеясында отырғызылды. Мұнда 50-ден астам қарағай егілді. Игі істің жалғасы «Жеңіс» скверінде өріс алып, тағы 250 түп жас тал топыраққа қондырылды. Әрбір қатысушы ағаш отырғызуды табиғатты қорғау мен туған жерге деген құрмет белгісі деп қабылдады.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев шара кезінде халықтың ұйымшылдығын атап өтіп: «Арыс әрқашан бірлігімен мықты. Бүгін сол бірліктің нақты көрінісін көріп отырмыз. Еккен талдарыңыз ел игілігіне айналсын», – деді.

Акцияның ең ауқымды бөлігі Арыс–Шардара автожолының бойында өтті. Мұнда 3 700 түп қарағаш көшеті егілді. Барлық ағаштар жергілікті тұқымбақтан алынып, өңірдің табиғи жағдайына бейімделген. Бұл шара қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Кең Баба саябағында орналасқан заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр

berdaly_oraz

Денсаулық бұрышы: Сауда орталықтарында дәрігерлердің қабылдауы өтуде

Түркістан: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда