Арыста тегін көшет таратылады: тұрғындар өз ағашын отырғыза алады

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттері тегін таратылып, тұрғындарға туған қаласын көгалдандыруға мүмкіндік беріледі.

Ертең, 11 сәуір күні Әл-Фараби алаңында өтетін «Өз ағашыңды отырғыз» шарасында қараағаш, үйеңкі және шаған секілді көшеттер тегін ұсынылады. Шара сағат 11:00-де басталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көшеттер “Жасыл Арыс” мекемесінің тұқымбағында арнайы өсіріліп, өңір климатына бейімделген. Бұл бастама қала аумағын көгалдандырумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды көздейді.

— Көшетті тек алып қана қоймай, оны күтіп-баптау да маңызды. Әрбір азамат өзінің еккен ағашына жауапкершілікпен қараса, Арыс та жасыл желекке оранады, — дейді ұйымдастырушылар.

Экологиялық шараны қала әкімдігі мен «Жасыл Арыс» мекемесі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Белсенді тұрғындар мен еріктілер қатысатын шараға кез келген қала тұрғыны келе алады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында есірткі тасымалдаған ер адам істі болды

berdaly_oraz

Түркістанда діни радикализмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

berdaly_oraz

Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер 5 тәулікке қамалды

berdaly_oraz