Арыста «Түнгі рейд» іс-шарасы өтуде

Арыста «Түнгі рейд» іс-шарасы өтіп жатыр,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Арыс қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында «Түнгі рейд» іс-шарасы жүргізілуде.

Бұл рейдтің негізгі мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу, сондай-ақ бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың қайта құқық бұзушылыққа бармауына бақылау жасау.

Арыс аудандық прокуратурасы, аудандық полиция бөлімі, Пробация қызметі және жергілікті уәкілетті органдар бірлесіп, пробация есебіндегі тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тексеруде. Сонымен қатар, олармен профилактикалық әңгімелесу өткізіліп, заң талаптары қосымша түсіндірілуде.

Бұл іс-шара құқық қорғау органдарының жергілікті тұрғындармен байланысын нығайтып, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент полицейлері көрші елге жеткізуі керек затты сатып жіберген адамды тапты

Түркістандық хирургтер науқастардың алғысына бөленуде

berdaly_oraz

Шымкенттегі «Tulip Hall» мәдени кешен атауын журналист сынға алды: Тұлып па, қызғалдақ па?

berdaly_oraz

Пікір жазу