Арыста «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтуде

Арыс темір жол стансасының желілік полиция бөлімінің қарау аймағында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл акция ҚР Ішкі істер министрлігінің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы тәртіпті сақтау, қоғамдық орындардағы бұзақылықтың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау басты назарда.

Аталған шара аясында желілік полиция қызметкерлері теміржол маңындағы елді мекендер мен оқу орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оқушылар мен ата-аналарға темір жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелері түсіндіріліп, сақтық шараларына мән берудің маңыздылығы айтылуда.

– Адам өмірінен артық ештеңе жоқ. Темір жол — жоғары қауіп көзі. Сондықтан әрбір тұрғын өзінің қауіпсіздігі үшін жауапты екенін ұмытпауы керек, – дейді Арыс стансалық ЖПБ өкілдері.

Мұндай шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз ортада өсуіне ықпал етуді көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ АБАТТАНДЫРУ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

berdaly_oraz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

berdaly_oraz

Пікір жазу