Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті

Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Арыс қаласында экологиялық мәдениетті арттыру және жасыл желекті күтіп-баптау мақсатында “Таза Қазақстан” акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы шара “Жасыл толқын” ұранымен өтті.

Сенбілік жұмыстары Арыс – Шымкент тас жолы бойындағы ағаш түптерін әктеуден бастау алды. Қала келбетін жақсартуға ниет білдірген мемлекеттік қызметкерлер, мекеме-ұжым өкілдері мен кәсіпкерлер бір адамдай жұмылып, ағаштардың түбін әктеп, топырағын қопсытты. Табиғатқа жанашырлық танытқан арыс тұрғындары да бұл шарадан шет қалмай, өз ауласы мен көше бойындағы ағаштарға күтім жасады.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев сенбілік барысын жеке бақылап, атқарылған жұмыстардың сапасына мән беруді тапсырды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, тұрғындарды табиғатты аялап, туған қаламызды таза ұстауға шақырды.

Айта кетейік, сенбілік барысында қолданылған әк материалын «KHAZAKH REAL STROY» мекемесі тегін жеткізген.

Арыс қаласының әкімдігі алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасатынын айтып, тұрғындарды белсенділік танытуға үндеді. Өйткені тазалық – әрбір азаматтың ортақ борышы.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылыс барысы талқыланды

Президент Тоқаев Төтенше жағдайлар министрімен кездесті

berdaly_oraz

Пікір жазу