Арыста жұмысшы топ өкілдері кезекті рейдтік шара өткізді

Арыс қаласында құқықбұзушылықтардың алдын алу және санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмысшы топ кезекті рет рейд жүргізді. Бұл шара қала әкімі Қайсар Маңқараевтың өкіміне сәйкес ұйымдастырылды.

Жұмысшы топ құрамында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс, кірістер басқармасы, жер қатынастары және кәсіпкерлік салаларының мамандары болды. Олар қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлерді аралап, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында кәсіпкерлерге POS-терминалдарды орнату, электронды төлем жүйесін қолдану, QR-код арқылы төлем қабылдау, чек беру, салық есептілігін дұрыс жүргізу, алкоголь өнімдерін сатуға арналған лицензия алу және кәсіпкерлікті заңды тіркеу сынды маңызды талаптар түсіндірілді.

Сондай-ақ, жұмысшы топ мүшелері қолма-қол төлем талап етудің заңсыз екенін, жеке банк шоттары немесе Kaspi QR арқылы жеке тұлғаларға төлем қабылдау салықтан жалтаруға жататынын және бұл әрекет үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Тексеріс барысында ғимараттардың сыртқы келбеті мен айналасындағы аумақтардың тазалығы да бақылауға алынды. Қоғамдық орындарды ластаған тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдар салынды.

Қала әкімдігі заң талаптарын сақтау – әрбір азамат пен кәсіпкердің міндеті екенін еске салады. Мұндай рейдтік шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық келіншек Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауынан 1-орын иеленді

berdaly_oraz

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР» ЖЫЛЫ: ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

berdaly_oraz

Актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу